Бейсенбі, 08 қаңтар, 23:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері белгілі болды

07.01.2026

105 0

Фото: Egemen.kz.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) басшылығы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткермен келісімге келді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дереккөз мәліметінше, ҚФФ басшылығы қазақстандық маман Талғат Байсуфиновтың ұлттық құраманың тізгінін әрі қарай да ұстауын қолдап отыр. Тараптар арасындағы шешуші кездесу келесі аптада өтеді деп жоспарланған. Тәжірибелі бапкерге Ұлттар лигасының матчтары аяқталғанға дейін келісімшарт ұсынылмақ.

Еске салайық, 57 жастағы маман Қазақстан құрамасына бұған дейінгі бас бапкер Али Алиев отставкаға кеткеннен кейін қайта оралған. Байсуфиновтің жетекшілігімен ұлттық команда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу аясында үш матч өткізіп, Бельгия, Лихтенштейн және Солтүстік Македонияға қарсы кездесулерде 5 ұпай жинады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: