Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 19:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан футболында VAR жүйесі іске қосылады

12.07.2021

1772 0

Қазақстан футбол федерациясы ФИФА VAR «Light» бағдарламасының мүшесі ретінде отандық футболға VAR жүйесін қондыруды мақсат етіп отыр.

Елордадағы «Футбол үйінің» базасында төрешілердің алғашқы оқу әдістемелік жиыны өтті. VAR «Light» жүйесінің енгізілуін Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков жеке өзі қадағалағанын да айта кетейік.

– Қазақстан футбол федерациясы заман ағымынан қалғысы келмейді. Қазір бүкіл әлем VAR жүйесін енгізіп жатыр. ФИФА ұйымдастырып отырған бағдарламаға сәйкес бұл жүйе елімізде кезең-кезеңімен орын алады. Оның Қазақстан футболына енгізілуіне VAR жүйесінің Қазақстандағы серіктесі – OLIMPBET компаниясы зор септігін тигізіп жатыр. ҚФФ жарысының бас серіктесі техникалық жағынан толық қамтамасыз етеді. Қазір бірінші кезең аяқталды. Алдымызда әлі қыруар шаруа тұрғанын түсініп отырмыз. Енді VAR жобасының еліміздегі стадиондарға орнатылуы мен сертификациядан өтуі қалып тұр. Сондықтан да, неғұрлым тез қызмет етсек, соғырлұм VAR жүйесі қазақ футболына да келіп жетеді деген сөз, – деп мәлімдеді ҚФФ басшысы.

– Біз қазақ футболының қарқынды дамуына өз үлесімізді қосып жатқанымызға дән ризамыз. VAR жүйесінің енгізілуі біріншіліктің сапалы деңгейге көтерілуінің айғағы. Біз бір орында тұрып қалмауды көздейміз. Сондықтан да, серіктестеріміздің де дамуға бет алып жатқанына тек қана қуаныштымыз. Біз әрқашан көмек беруге дайынбыз, – деді OLIMPBET компаниясының даму бойынша директоры Константин Гусев.

5 күн ішінде төрешілерге түрлі сабақтар өткізген ФИФА инструкторы Фархад Абдуллаевтың да еңбегін атап өткен жөн. Ол осы кезге дейін реферидің видеокөмекшілеріне арналған жүздеген семинарлар өткізіп, VAR жүйесінің теориялық сабақтары мен тәжірибиелік жұмыстарын да өткізуден мол тәжірибиесі бар. Енді одан ары қарай да қазақстандық төрешілер ФИФА әзірлеген бағдарлама бойынша білімдерін арттырып, тәжірибиелік курстарды да бастан өткереді. Сонымен қатар, техникалық сертификациялау жұмыстарын өткізу үрдісі де іске қосылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: