Сенбі, 21 наурыз, 16:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№20 (2232)
17.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстан көкпаршылары әлем чемпионы атанды

21.03.2026

34 0

Фото: Ризабек Нүсіпбекұлы

Түркістан қаласында өткен көкпардан әлем чемпионаты мәресіне жетті. Финалдық кездесуде Қазақстан құрамасы Өзбекстан командасын 9:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Шешуші ойында қазақстандық көкпаршылар жоғары шеберлік пен командалық үйлесімділік танытып, тартысты өткен бәсекеде басымдыққа ие болды.

Осылайша, ұлттық құрамамыз 9 жылдық үзілістен кейін қайта ұйымдастырылған әлем чемпионатында топ жарып, алтын жүлдені еншіледі. Екінші орын Өзбекстан командасының еншісінде, ал үздік үштікті ауғанстандық көкпаршылар түйіндеді. 


Айта кетейік, халықаралық додаға әлемнің 9 елінен командалар қатысып, жүлде жолында өзара мықтыны анықтады. Олар: Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан.

Турнир барысында қазақстандық спортшылар барлық кезеңде тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, финалға сенімді түрде жеткен болатын.

Жарыс Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясы қолдауымен ұйымдастырылды.

Айта кетсек, көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: