Сенбі, 21 желтоқсан, 21:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

️Қазақстан Париждегі алғашқы медалін иеленді

27.07.2024

437 0

Сурет:ҰОК

Қазақстан Париждегі алғашқы медалін иеленді. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Нысана көздеуден қазақстандық Ислам Сәтпаев пен Александра Ле пневматикалық мылтықпен он метрден атуда аралас командалық жарыста Париж олимпиадасының қола жүлдегері атанды.

Алғаш рет олимпия ойындарына қатысып тұрған қазақстандық спортшылар жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті.

Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті – былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.

Қазақстан құрамасы нысана ату спорт түрі бойынша бұған дейін сонау 1996 жылы Атланта Олимпиадасында 2 күміс, 1 қола жүлде алған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: