Сенбі, 15 қараша, 23:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан құрамасы Бельгиямен тартысты матчта сенсация жасады

15.11.2025

45 0

Фото: видеодан кадр

2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі кезекті ойын Қазақстан мен Бельгия құрамаларының арасындағы қызықты кездесумен жалғасты. Бұл жолы ұлттық команда өз жанкүйерлері алдында ойнады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Матч аса жоғары қарқынмен басталды. Ойынның небәрі сегізінші минутында Дастан Сәтпаев қарсыластың қорғанысын қапыда қалдырып, алғаш болып мергендік танытты.

Осы голдан кейін ол бірден ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы атанды. Бұған дейін мұндай рекорд Еркебұлан Сейдахметке тиесілі болатын. Тараз футбол мектебінің түлегі голды 18 жас 1 ай 19 күнінде соққан еді.

Алаң иелерінің басымдығы бірінші таймда сақталғанымен, екінші кезең басталған соң көп ұзамай бельгиялық ойыншы Ванакен 48-минутта есепті теңестіріп үлгерді.

Кездесудің 80-минутында Ислам Чеснаков тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан шығарылды. Соған қарамастан, Қазақстан қорғанысы шайқалмай, соңына дейін беріспеді.

Бельгия құрама ойыншылары бірнеше рет қауіпті шабуыл жасады. Алайда қақпашы Темірлан Анарбеков тамаша реакциясымен талай мүмкіндікті қайтарып, команданы талай рет құтқарып қалды.

Он ойыншымен қалған Қазақстан құрамасы мықты қарсыластың шабуылына шыдап, матчты 1:1 есебімен аяқтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: