Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Синхронды жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.
Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы олжалаған.
Қазақстан тарихында синхронды жүзуден әлем чемпионатының алтын медалі болмағанын айта кетейік.
Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!