Қазақстан ерлер құрамасы Эр-Рияд қаласында өткен Ислам ойындарында семсерлесулен алтын медаль иеленді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Команда құрамында: Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.
Финалдағы шпага жарысында командамыз Сауд Арабиясынан мықты болып шықты. Жарыс нәтижесі 45:29-бен аяқталды.
Еске салсақ, турнирде бұған дейін алтын медальдарды Мариан Журавлёва мен Алдияр Серік жеңіп алған болатын.
7 қарашада Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының ашылу салтанаты өтті. Қазақстан құрамасын 100-ден астам спортшы таныстырған.
Сауд Арабиясы бұл спорттық форумды алтыншы рет қабылдауда.
Бұған дейін ойындар Мекке (2005), Палембанг (2013), Баку (2017), Конья (2021) қалаларында өткен.
Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтыншы орынға тұрақтап, қоржынында 13 алтын, 16 күміс және 17 қола медаль бар.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
