Дүйсенбі, 06 қазан, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандық бүркітшілер Азия чемпионатында жеңіске жетті

06.10.2025

39 0

Фото: gov/kz

Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында дәстүрлі Дүниежүзілік «Бүркітшілер тойы» аясында ІІІ Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл бәсекеде Қазақстан Республикасының құсбегілік спортынан ұлттық құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

36 жылдық тарихы бар халықаралық дода Моңғолияның мәдени брендіне айналған. Жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған туристер мен бүркітшілер қатысатын ерекше мереке. Қазақ құсбегілерін бұл жарысқа мемлекеттік жаттықтырушылар Арманбек пен Базарбек Күнтуған бастап барды.

Жалпы чемпионатқа 60-тан астам құсбегі қатысып, «қолға шақыру» және «шырға тарту» сайыстары бойынша сынға түсті.

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Абай облысының бүркітшісі Тәттімбет Кәпұлы «Қарагер» атты қыран құсымен жүлделі үшінші орынды, ал атыраулық құсбегі Арман Қошқаров «Аңырақай» атты бүркітімен екінші орынды иеленді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: