Дзюдодан Қазақстан командасының мүшесі Нұрлыхан Шархан Олимпиаданың келесі айналымына өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
100 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Шархан алғашқы айналымда бельгиялық Тома Никифоровпен кездесті.
Белдесу барысында бельгиялық балуан үш ескерту алып, кездесу қазақстандық дзюдошының жеңісімен аяқталды.
Нұрлыхан Шарханның келесі қарсыласы – өзбекстандық Мұзафарбек Тұробаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!