Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық спортшылар Исламиадада тағы екі алтын медаль жеңіп алды

15.08.2022

1504 0

Түркияда өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтынға ие болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Жүлдеге ие болғандар Әділбек Мусин мен София Әбубәкірова – жүзгіштер. Олар баттерфляй стилінде 100 және 50 метрлік жеке қашықтықта өнер көрсетті.

Әділбек 53,20 секундта жүзіп, бас жүлдені қанжығасына байласа, екінші орынға түркиялық Үміт Жан Гюрес (53,45), үшінші орынға өзбекстандық жүзгіш Эльдорбек Усмонов (53,79) жайғасты.

Әбубәкірова өз кезегінде 27,17 секунд көрсеткішпен бас жүлдені жеңіп алды. Әзербайжандық Мариям Шейхализадешагшах (27,25) екінші және түрікстандық Алина Озкан (27,42) үшінші орын алды.

Айта кетейік, финалға тағы бір қазақстандық Данэлия Ду шықты. Ол 28,34 секунд көрсеткішпен бесінші болып мәреге жетті.

Сондай-ақ Ксения Игнатова қола жүлдеге ие болды. Ол 1.03.36 ұпаймен үшінші орынды иеленді. 

Еске салсақ, Исламиада 18 тамызда аяқталады. Жарысқа әлемнің 56 елінен 4200 спортшы қатысуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: