Жексенбі, 30 маусым, 00:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№51-2061
29.06.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның тағы бір спортшысы халықаралық Универсиадада жүлдегер атанды

02.08.2023

1694 0

Әлемдік додада еліміздің атынан 93 спортшы қатысып жатыр. Шағын калибрлі винтовкадан атудың жас шеберлері Константин Малиновский, Ислам Сәтпаев, Шахторин Никита жүлдегер атанса, тез атылатын пистолеттен ату дисциплинасында Чирюкин Никита күміс медальға ие болды.

Бұл тек спортшылардың ғана емес, олардың тренерлерінің де ерең еңбегі. Жарайсындар! Осы жігіттердің жетістіктері арта берсін! Спортшыларымыздың әрбір жеңісі елді қанаттандырады, – делінген Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Айта кетсек, Университет спортшыларының халықаралық федерациясының (FISU) XXXI Дүниежүзілік студенттік ойындары Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Чэнду қаласында 28 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Оған Қазақстан атынан спорттың 11 түрінен 93 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар садақ ату, оқ ату, жеңіл атлетика, спорттық гимнастика, дзюдо, көркем гимнастика, үстел теннисі, таеквондо, у-шу, жүзу мен семсерлесуден күш сынасуда. Ел құрамасы 26 жоғары оқу орнының студенттерінен жасақталған.

Универсиадада спорттың 18 түрінен 269 медаль жиынтығы сарапқа салынуда. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен он мыңнан астам спортшы қатысып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: