Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қоржынымызға медаль бұйырмады

20.02.2022

1328 0

Қазақстан Қытайда өткен Қысқы Олимпиадада медаль жеңе алмады. 19 ақпанда ұлттық құрамада соңғы болып Надежда Морозов өнер көрсетті. Алайда спортшы мәреге 14-ші болып келді, деп хабарлайды Stan.kz.

Надежда Морозованың күейуі Дмитрий де Олимпиадада медальсыз қалды. Ол 19-шы болып мәре сызығын аттап, финалға өтпеді. 


Шаңғы марафонында Евгений Величко 43-ші болып мәреге келді. Ауа райы қолайсыз болғандықтан шаңғы марафонының арақашықтығы 30 шақырымға дейін қысқарған. 


Шорт-трекшілер ғана топ-6 құрамына ене алды. Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахмет, Ольга Тихонова мен Яна Хан эстафетада 5-орынды иеленді. Ал 500 метрге жүгіруде Абзал Әжіғалиев 4-орын иеленген. Бұл құрамадағы үздік нәтижесі болып отыр. 


Осылайша Әжіғалиев 40 000 доллар, ал өзге шорт-трекшілер 10 000 доллардан алады. Олимпиаданың жабылу салтанаты ертең өтеді.


Қысқы Олимпиадада Норвегия үздік нәтиже көрсетті. Норвегиялық спортшылар 15 алтын, 8 күміс, 12 қола медаль иеленген. Екінші орынға Германия, үшінші орынға АҚШ орналасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: