Сенбі, 21 желтоқсан, 16:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада мәнерлеп сырғанау спортының даму жолдары қаралды

12.06.2022

1307 0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев коньки тебу Ұлттық Федерациясы Президентінің кеңесшісі Байтақ Тұрсынбаев және Ұлттық құрама командасының мүшесі, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жүлдегері Артур Смағұловпен кездесті.

Басқосуда аймақтағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту жолдары сөз болып, жас спортшыларды даярлау мәселесі қаралды.

Байтақ Тұрсынбаев 2026 жылы Италияда өтетін ХХV қысқы олимпиада ойынында ел намысын қорғайтын Артур Смағұловтың дайындығын ұйымдастыруға атсалысып, қолдау көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы мәнерлеп сырғану бағыты өте ерекше спорттың бірі екенін жеткізіп, Сыр елінен шыққан жерлес Элизабет Тұрсынбаеваның ізбасарларын тәрбиелеу аса маңызды екенін алға тартты. Сондай-ақ, сала басшыларына айтылған ұсыныстарды мұқият қарап, зерделеуді тапсырды.

Қызылордада мәнерлеп сырғанау спортының даму жолдары қаралды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: