Сенбі, 03 мамыр, 03:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31,2144
29.04.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада шахматтан Қазақстан Республикасының балалар кубогы басталды

02.05.2025

40 0

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Нұрсәт» теннис орталығында классикалық шахматтан Аралбай Махамбетовтың жүлдесіне арналған ҚР балалар кубогы ІІ кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтті. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Сыр өңірінде он жетінші мәрте ұйымдастырылған ой сайысына Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей мемлекеттері және еліміздің барлық өңірінен келген 350-ден астам спортшы сынға түспек.

Шараға Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Марат Есенов, «Freеdom Bank» облыстық филиалы басшысының орынбасары Талғат Кәрібаев қатысты. Ашылу рәсімінде облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы шахмат шеберлеріне сәттілік тілеп, ой сайысының тартысты өтетініне сенім білдірді.

– Мемлекет басшысы «Шахмат – адамның ақыл-ойын және қарым-қабілетін ұштауға мүмкіндік беретін бірегей спорт түрі» деп ерекше атап өткен болатын. Осы ретте, әлемде ерекше танымал болған бұл ойын күні бүгінге дейін өз маңыздылығын жоймай келеді. Бүгінде біздің облыста 15 мыңнан астам адам шахматпен тұрақты айналысады. Олардың арасында облыс тарихында тұңғыш ФИДЕ шебері, шахматтан 3 дүркін Әлем Чемпионы, 7 дүркін Азия чемпионы, 18 дүркін Қазақстан чемпионы Әсел Серікбай, жасөспірімдер мен жастар арасында 17 дүркін Қазақстан чемпионы, 3 дүркін Әлем және Азия чемпионы Назерке Нұрғали, 8 дүркін Қазақстан чемпионы, Орта Азия чемпионы Аңсат Алдияр, 2 дүркін Қазақстан чемпионы және Азия чемпионатының жүлдегері Ернұр Ержанұлы, 2 дүркін Қазақстан чемпионы, Әлем чемпионатының жүлдегері, Классикалық шахматтан ҚР балалар кубогы І кезеңінің жеңімпазы Ақылжан Мейірханұлын мақтанышпен айта аламыз. Мінекей, бүгін Сыр елінде ұйымдастырылған ой сайысына бірнеше мемлекет және еліміздің барлық облысынан 350-ден астам спортшы қатыспақшы. Барша жарыс қатысушыларына сәттілік тілей отырып, шын мықты жеңіске жетсін деп тілек білдіремін!, – деді Шахмардан Асқарұлы.

Қызылордада шахматтан Қазақстан Республикасының балалар кубогы басталды

Сондай-ақ, шарада құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, жарыс ұйымдастырушыларына алғыс білдірді. Айта кетейік, шахматшылар арасындағы ой сайысы 2-8 мамыр аралығында өтеді.

Қызылордада шахматтан Қазақстан Республикасының балалар кубогы басталды

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: