Бүгін қала әкімінің жүлдесіне арналған стритболдан ашық турнирдің ашылу рәсімі өтті.
Үшінші мәрте байрағын көтеріп, дәстүрлі сипат алған дүбірлі доданың ашылуында қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Қайрат Есенгелдиев жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Турнирге Шымкент, Тараз қалалары, Алматы, Түркістан облыстарынан және аймағымыздың аудандарынан барлығы 25 команда, 100-ден аса спортшы қатысуда.
Жарыс 9, 10 қараша күндері өтеді. Турнир жеңімпаздарына қаржылай сыйақылар табысталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!