Жұма, 22 қараша, 10:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ұлттық ат спорты бәйгесі тартысты өтті

12.10.2024

1731 0

Бүгін Қызылордада Қала күні мен «Алтын күз-2024» дәстүрлі мерекесі аясында ұлттық ат спорты бәйгесі ұйымдастырылды. Дүбірлі бәйгені облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары тамашалады.

Аймақ басшысы жарысқа қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

«Берекесімен, молшылығымен келетін күз мезгілінде халқымыз егінін жинап, қамбасын толтырып, мәре-сәре болып, бір жасап қалады. Егінім бітік шықты деп, қуаныш тойын тойлап, ат шаптырып, бәйге береді.
Ертеден жеткен осы дәстүрімізді біз де жалғастырып келеміз.
Баршаңызды «Алтын дән-2024» ұлттық ат спорты бәйгесінен облыстық жарыстың ашылуымен құттықтаймын!
Қыркүйек айында Мемлекет басшысының бастамасымен өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 4 саңлағымыз бақ сынап 2 алтын, 1 қола медаль жеңіп алды. Осылайша Сыр спортының жылнамасын жаңартты, этноспорттың дамуына үлес қосты.
Бүгінгі бәйге Сыр өңірінің мерейін асырып, ұлттық спорттың өркендеуіне мол мүмкіндік береді деп сенемін!
Төзім мен жігер, қайрат пен мінез сынға түскен бәйгеде тұлпарлардың тұяғы талмасын, арғымақтар аламанда арындасын! Шабандоздардың тақымы тастай болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жарысқа қатысушыларға ауыл шаруашылығы саласының ардагері Нұрлыбай Ұлықпанұлы ақ батасын берді.

Бәйге жеңімпаздарына қаржылай сыйлықтар тағайындалған.

Аламан бәйге, 25 шақырым:
І орын – 3 000 000 теңге,
ІІ орын – 2 000 000 теңге,
ІІІ орын – 1 000 000 теңге.

Тоқ бәйге, 15 шақырым:
І орын – 1 500 000 теңге,
ІІ орын – 1 000 000 теңге,
ІІІ орын – 500 000 теңге.

Құнан бәйге, 11 шақырым:
І орын – 1 200 000 теңге,
ІІ орын – 800 000 теңге,
ІІІ орын – 500 000 теңге.

Тай жарыс, 5 шақырым:
І орын – 500 000 теңге,
ІІ орын – 300 000 теңге,
ІІІ орын – 200 000 теңге.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: