Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада ұлттық спортта даму бар

18.11.2022

1480 0

Қызылорда қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі тарапынан бұқаралық спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес дене шынықтыру мекемелерімен, спорт мектептері және спорт клубтарымен бірлесіп биылғы жылдың қаңтар айынан бастап 127 іс-шара ұйымдастырылған.

Қалада ұлттық спорт түрлерін дамытуға ден қойылуда. Қала тұрғындарының асық атып, арқан тартуы құндылығымызды жоғалтпау мен салауатты өмір салтын ұстануға сеп болатыны анық. Сондықтан қаланың орталығы мен шет аймақтарында ұлттық спорттың асық ату, бес асық, ләнгі тебу,қол күресі, гір көтеру, арқан тарту, тоғызқұмалақ түрлерінен оздырылған іс-шараға 1100-ге жуық бала қатысқан.

Спорттық шаралар әл-Фараби, Ақмаржан, Мерей мөлтек аудандары мен сол жағалау, Титов, Сырдария, Б.Шөкенов саябағында өтті. Сондай шараның бірі – Халық балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы дәстүрлі республикалық турнир.

22-24 ақпан аралығында «Евразия» мәдени сауықтыру спорт кешенінде халық балуаны Қажымұқанды еске алуға арналған қазақ күресінен дәстүрлі республикалық ашық турнирі 10-шы мәрте өткізілді. Боз кілем бәсекесіне еліміздің 15 өңірінен командалар қатысып бақтарын сынады. Аталған турнир республика бойынша 2022 жылдың алғашқы және ең ауқымды жоғарғы деңгейдегі ашық турнирі болды. Турнир 3 күнге созылып, жарысқа еліміздің барлық өңірінен 500-ге жуық спортшылары қатысып, боз кілемде белдесті. Турнир қорытындысы бойынша балуандар белдесіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қызылорда қаласы әкімдігінің дипломдары мен арнайы медальдары және қаржылай сыйақыларымен марапатталды.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: