Өскеменде 17 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасында жеке жаттығулардан Қазақстан Республикасының жеке командалық чемпионаты өтті. Жарыста Қызылорда облысының командасы жалпы командалық есепте чемпион атанды.
№15 Қармақшы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі атынан 59 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Алина Колиушко серпе және жұлқа көтеруден І орын алып, қоссайыс нәтижесінде жеңімпаз атанды. Жарыстың екінші күнінде Ерасыл Сәулебеков 73 келіде қоссайыс нәтижесімен жеңімпаз атанса, Мұхаммедали Қасқырбеков серпе және жұлқа көтеруден ІІІ орын алып, қоссайыс нәтижесінде жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!