Тайланд мемлекетінің Бангкок қаласында бокстан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігі (U-22) өтуде.
![Қызылорданың қос боксшысы Азия чемпионы](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2023/01/1-17.jpg)
Бүгін байрақты бәсекеде 54 келіде салмақта қолғап түйістірген Қызылорда қаласының жас былғары қолғап шебері Нұрсұлтан Алтынбек Филиппин боксшысы Флинт Джараны 5:0 есебімен жеңіп, Азия чемпионы атанды!
![Қызылорданың қос боксшысы Азия чемпионы](https://aqmeshit-aptalygy.kz/wp-content/uploads/2023/01/2-11.jpg)
Айта кету керек, бәсекеге елімізден әр салмақ дәрежесі бойынша барлығы 13 қолғап шебері бақ сынасты. Оның ішінен Қазалының тумасы Гүлсая Ержан (81 келі салмақта) тайландтық қарсыласын жеңіп, әйелдер арасынан Азия чемпионы атанды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!