Жексенбі, 22 желтоқсан, 13:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Сайтама қаласындағы сайыс

12.04.2022

1654 0

Осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратадан басым түсіп, екі чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өткен кәсіпқой бокс кеші небәрі 9 раундқа созылды. Алғашқы раундтарда екі боксшы тең дәрежеде бокстасқанымен, төр­тінші раундтан бастап Головкин басымдықты өз қолына алды. 8 раундта GGG жиі шабуылдады да, Мурата қорғанумен әлек болды.  Ал 9 раундта Головкиннің қатты соққылары тіпті күшейіп, Муратаның ешқандай шабуыл жасауға мүмкіндігі болмады. Раунд ортасында Мурата рингте тәлтіректеп құлап, отандасымыз жеңіске жетті.

Жекпе-жектен кейін Головкин Муратаға, жан­күйер­лер­ге, бокс кешін ұйым­дас­тырғандарға алғыс айтты. Бұған қоса, Головкин Муратаға рингке киіп шыққан шапанын сыйға тартты. Головкин осы жеңісінен соң IBF, IBO нұсқасы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалды. Ал Мурата өз иелі­гіндегі WBA Super белдігін отандасымызға берген. Бұдан бөлек, Головкин бұл жекпе-жек үшін 5 млн доллар және ақылы теле­трансляциядан түскен қар­жының 70 процентін алады. Мурата 500 мың доллар және трансляциядан түскен ақшаның 30 процентін ие­ленеді.

Сонымен Головкин 44 кездесу өткізіп, 42-рет жеңіс­ке жетіп  отыр. Ол бұрын мексикалық Сауль Алвареспен бір рет тең түсіп, бір рет жеңілген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: