Жексенбі, 28 желтоқсан, 11:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Сауд Арабиясында жүрген Головкин Роналдумен жүздесті

28.12.2025

44 0

27 желтоқсанда Эр-Риядта World Boxing президенті және Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин португалдық футбол жұлдызы Криштиану Роналдумен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Геннадий Головкин Instagram-дағы сторисінде Криштиану Роналдумен жолай кездесіп, сөйлескен сәтінің видеосын жариялады.

Қысқа роликте GGG португалиялық футболшыны Сауд Арабиясы чемпионатындағы кезекті ойында жасаған дублімен құттықтайды, ал Роналду өз кезегінде Головкинмен жүздескеніне қуанышты екенін айтып, жылы лебізін білдіреді. Геннадий Головкин Эр-Риядқа ірі бокс кешін тамашалау үшін келгенін де айта кетті.

Сөз кезегінде Криштиану GGG-ден:

«Әлі бокстасасыз ба?», – деп сұрайды.

Бұл сұраққа Геннадий:

«Мүмкін Жаңа жылда тағы бір рет өзімді сынап көремін» деп жауап береді.

Аты аңызға айналған екі спортшының таныстығы тек осы кездесумен шектелмейтіні белгілі. 2020 жылы олар бірлескен жаттығулар өткізкізген. Қазіргі уақытта жерлесіміздің жасы 43-те, оның жекпе-жектен жырақтағанына үш жылдан аса уақыт өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: