Сенбі, 16 қараша, 15:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Шағын футболдан сайыс өтті

27.09.2022

1377 0

Қала күніне орай қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының ұйымдастыруымен шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа жалпы үш команда қатысып, өзара мық­тыны анықтады. Атап айтар болсақ, өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықтан бір команда, пробация қызметі есебінде тұрған адамдардан бір команда және қыл­мыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығынан бір команда қатысты.

Шағын футбол турнирінің басты мақсаты – салауатты өмір салтын сақтау, бос уақытта тиімді іспен шұғылдану, денсаулыққа күтім жасау. Спортқа жақын жастар барын салып сапалы ойын көрсетті.

– Әлеуметтік бейімдеу орталығының ұйымдасты­руымен өтіп жатқан шараның мән маңызы жоғары деп есептеймін. Мұндай шара тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұған дейін шахмат, дойбы мен волейбол сайыстары өтті. Биыл түзеу мекемелерінен жазасын толық өтеп шыққан, пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінің есебінде тұрған 276 адамға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Жазасын өтеп шыққан 80 азаматтың 9-ы тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар 276 азаматқа құқықтық, психологиялық көмек көрсетілді. Жалпы жұмыспен қамтылғандар саны 67 адамды құрайды. Оның ішінде қала әкімінің квотасымен 43 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Қалалық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және аза­маттық хал актілерін тіркеу бөлімімен бірлесіп «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Нәтижесінде 4 азамат жұмысқа орналасты. Сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында түрлі спорттық сайыс­тар өткізілуде, – дейді қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы директо­рының орынбасары Орынбасар Мақсұтұлы өз сөзінде.

Турнир нәтижесінде команда ойыншыларына гра­моталар мен, медальдар және естелік сыйлықтар та­бысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: