Фото: Stan.kz
Атақты америкалық файтер Колби Ковингтон (17-4) қазақстандық Шавкат Рахмоновпен (18-0) жекпе-жекке шығудан бас тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Журналистермен әңгімелесу барысында Колби Ковингтонға 29 жастағы Рахмоновпен келесі жекпе-жекті шығу туралы сұрақ қойылды. Америкалық файтер басқа адамды қарсылас көретінін айтты.
«Түк мағынасы жоқ. Томпсон қарсыласым болғанын қалаймын, бұл әлдеқайда маңызды жекпе-жек, үлкен атау. Бұл UFC үшін жақсы бизнес болар еді», – деді ол.
Ал Ковингтоннан ұтылған Леон Эдвардс (22-3-0-1) Ковингтонға Белал Мұхаммедке (23-32-0-1) қарағанда Рахмонов мықты қарсылас екенін айтты.
Еске салсақ, америкалық файтер Рахмоновты егеуқұйрыққа теңеп, оның кәсіпқойлығына күмән келтіретінін айтқан еді.
Шавкат Рахмонов АҚШ-тағы турнирде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!