Қызылорда қаласының әкімдігі «Балалар жылына» орай дарияның сол жағалауындағы балаларға арнап ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырды.
Атап айтар болсақ, қол күрес, арқан тартыс, гір көтеру, бесасық, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу, асық ату секілді спорт түрлерінен жарысқан оқушылар өзара мықтыларын анықтады. Әрбір сайыстың жеңімпаздарына қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары мен медальдары табысталды.
Қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов мұндай жарыстар қаланың барлық аумағында өткізілетіндігін айтып, жеңімпаздарға құттықтау лебізін жеткізді.
![Сол жағалау балалары сайысқа түсті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/04/278121239_1161547747912269_692002080531637424_n.jpg)
![Сол жағалау балалары сайысқа түсті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/04/278118729_1161547801245597_7720130942220235293_n.jpg)
![Сол жағалау балалары сайысқа түсті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/04/278113042_1161547764578934_2432499499624567847_n.jpg)
![Сол жағалау балалары сайысқа түсті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/04/278077072_1161547974578913_4982039850426855513_n.jpg)
![Сол жағалау балалары сайысқа түсті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/04/278068543_1161547991245578_5785916639254037006_n.jpg)
![Сол жағалау балалары сайысқа түсті](https://kyzylorda-news.kz/wp-content/uploads/2022/04/277803227_1161547631245614_2722165194065801167_n.jpg)
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!