Сейсенбі, 20 тамыз, 13:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№66-2076
20.08.2024
PDF мұрағаты

Спорт күніне орай асық атудан сайыс ұйымдастырылды

20.08.2024

7 0

Партияның қалалық филиалы мен «Жастар рухы» жастар қанатының, қалалық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Спорт күніне» орай асық атудан сайыс өтті.

Шараға партияның облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы қатысып:
Ұлтымыздың төл ойынының бірі – асық ату. Осы орайда партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұйымдастырылып отырған сайысымызда өздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Бұндай сайыстар алдағы уақытта да ұйымдастырыла бермек. Бүгінді додаға қатысушыларға сәттілік тілеймін,-деп жылы лебізін білдірді.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойналады. Күн көрісі мал шаруашылығына негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген. Сондықтан асық ойындары ұлттық ойындардың ішіндегі арыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны адамның жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ептілікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді.

Шарада оқ бойы оза шапқан спортшыларды партияның қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Гүлшат Исақызы мен «Қажымұқан» спорт клубының директоры Марат Тілеуұлы марапаттап, бағалы сыйлықтар, «Алғыс хат», медальдар табыстады.

AMANAT

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: