Дүйсенбі, 28 сәуiр, 21:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30, 2142
26.04.2025
PDF мұрағаты

Спорт саласының мамандарына арналған республикалық біліктілікті арттыру курсы басталды

28.04.2025

95 0

Спортты дамыту – қоғамның әлеуметтік-экономикалық әлеуетіне оң әсерін тигізетін маңызды міндеттердің бірі. Осыған орай, ҚР Туризм және спорт министрілігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының» бастамасымен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен тұңғыш рет облыста спорт саласының мамандарына арналған республикалық біліктілікті арттыру курсы басталды.

Сала өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырылған бір апталық оқуда мемлекеттік сатып алу мәселелері, спорт саласындағы заңнамалық өзгерістер, жұмыс жүйесін жетілдіру, спорттық шараларды басқару тәжірбиесі, қаржылық сауаттылықты арттыру сынды ауқымды тақырыптар талқыланады. Осыған орай, бүгін Қызылорда облысы әкімдігінде еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден астам сала өкілінің қатысуымен арнайы жиын өтті.

Басқосуға Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, Республикалық оқу-әдістемелік талдау орталығының директоры Қыдырбек Рысбек қатысты. Өз кезегінде Қыдырбек Әділбекұлы Сыр елінде алғаш рет бастау алған аталмыш оқудың маңыздылығына тоқталып, жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. Одан кейін басқарма басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы сала мамандарына арнайы баяндама жасады.

– Өздеріңіз білетіндей, жақында Мемлекет басшысы спорт саласына қатысты Жаңа Заңға қол қойып, ресми түрде қабылдады. Бұл Заң – мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған. Осыған орай, еліміздің барлық өңірінен келген 200-ден астам спорт мектеп директоры мен олардың орынбасарлары және әдіскелер спортты дамытуға арналған республикалық біліктілікті арттыру курсынан өтетін болады. Бұл оқуда саланы жетілдіруге арналған маңызды тақырыптардың барлығы қамтылады. Тиісінше, қатысушылар екі топқа бөлініп, бекітілген тақырыптар бойынша дәріс алады, – деді басқарма басшысы.

Айта кетейік, Қызылорда қаласында ұйымдастырылған біліктілікті арттыруға арналған оқу 28 сәуір – 2 мамыр аралығында өтеді.

@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: