Сенбі, 04 қазан, 20:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Сыр өңірі ел футболының басты алаңына айналды

04.10.2025

136 0

Бүгін футболсүйер қауым асыға күткен тарихи сәттің куәсі болмақ. Қызылорда қаласындағы жаңа 11 мың орындық заманауи стадионда Қазақстан кубогының финалы өтеді. Бұл – тек ел чемпионатының шешуші ойыны ғана емес, Сыр өңірінің спорттық өміріндегі маңызды белес. Себебі жаңа аренаның ашылуы мен елдің басты футбол додасының дәл осында ұйымдастырылуы – аймақтың инфрақұрылымдық дамуы мен спортқа деген қолдаудың нақты көрінісі.

Сыр өңірі ел футболының басты алаңына айналды

Қазақстан футболындағы қос мықты – Қостанайдың «Тобылы» мен Шымкенттің «Ордабасысы» жасыл алаңда ел кубогының иегері атану үшін күш сынасады. Финалдық матчтың маңызы ерекше, себебі мұнда тек кубок емес, маусым бойғы еңбектің нәтижесі сарапқа салынады. Командалар бұл ойынға барын салып дайындалды, ал жанкүйерлер үшін нағыз тартыс пен эмоцияға толы сәттер күтіп тұр.

Бүгін Қызылорда тек спорт орталығы емес, бүкіл елдің назары ауған футбол ордасына айналды. Финалдың нәтижесі қандай болса да, бұл күн ел тарихында айрықша із қалдыратыны сөзсіз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: