11-13 маусым күндері орталық стадионның қосалқы алаңында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына футболдан КСРО спорт шебері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Тимур Сегізбаевты еске алуға арналған 2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтеді.
Қазақ футболының дамуына ерекше үлес қосқан атақты спортшы Тимур Санжарұлын еске алу турниріне Қызылорда, Байқоңыр қалаларынан және аудандардан 9 команда қатысады.
Турнир мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту, облыс құрама командасына мықты ойыншыларды іріктеу.Жарыстың жеңімпаз, жүлдегер командалары мен үздік ойыншылар облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық футбол федерациясының диплом, медаль, кубоктарымен марапатталады.
Ертең сағат 10.00-де жарыстың салтанатты ашылуы, 10.30-да ойындар басталады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!