Сенбі, 04 қазан, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

«Тобыл» шешуші сынға сақадай сай

03.10.2025

42 0

Қазақстан кубогының финалы – жанкүйер көптен күткен үлкен мереке. Биыл кубок үшін Қостанайдың «Тобылы» мен Шымкенттің «Ордабасысы» таласады. Қостанайлық ұжым шешуші ойынға тыңғылықты дайындықпен келіп отыр. Бүгінгі баспасөз жиынында «Тобыл» клубының бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген алдағы матчқа қатысты ойларымен бөлісіп, команданың көңіл-күйін жеткізді.

– Алда бізді маусымдағы ең жауапты матч күтіп тұр. Қазақстан кубогының финалы – тек қана бір ойын емес, бұл бүкіл маусымдағы еңбектің қорытындысы. Біз осы күнге жету үшін көп тер төктік. Әр жеңіс, әрбір қиындық бізді шыңдады. «Ордабасы» – тәжірибесі мол, соңғы уақытта тұрақты ойынымен көзге түсіп жүрген қарсылас. Біз олардың күшін жақсы білеміз, сондықтан дайындық кезінде әрбір детальға мән бердік. Қорғаныста да, шабуылда да тәртіп болуы керек, өйткені финалда қателікті түзетуге уақыт аз. Футбол тек ойыншылардың ғана емес, жанкүйерлердің де мерекесі. Біз үшін жанкүйерлердің қолдауы ерекше қуат береді. Сол сенімнің алдында біз алаңға барымызды салып шығамыз. Финалда бізді тек нағыз күрес күтіп тұр, ал кім жеңетіні – ертең алаңда анықталады,-деді бас бапкер Нұрбол Жұмасқалиев.

– Финалға шығу – үлкен мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Мұндай сәтті әр футболшы күтеді. Біз барлығымыз да жеңіске жету үшін дайынбыз. Қазір команда ішінде ерекше бірлікті, жеңіске деген сенімді сезінемін. Бұл матч – біздің маусым бойғы еңбегіміздің қорытындысы. Сол еңбекті нәтижемен аяқтау үшін барымызды саламыз. Финалда жеңіске жету – мен үшін де, командам үшін де үлкен арман. Жанкүйерлерге айтарым сіздер біздің ең үлкен тірегімізсіздер. Біз сіздердің сенімдеріңізді сезінеміз және сол қолдау үшін соңғы секундқа дейін күресетін боламыз,-деді жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген.

Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: