Сейсенбі, 11 ақпан, 22:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№11,2124
11.02.2025
PDF мұрағаты

Төреғали Төреәлі «Қайсар» футбол командасымен кездесті

16.06.2021

3466 0

Эстрада жұлдызы, жерлесіміз Төреғали Төреәлі «Қайсар» футбол клубының ойыншыларымен кездесті. Мәдениеттегі мақтанышымыз футболшыларға мотивациялық жылы сөздерін арнап, алдағы ойындарға сәттілік тіледі.

Тамыры терең, тарихы кенен «Қайсардың» доп додасындағы жетістігі жетерлік. Еуропа лигасында өнер көрсеткен сәтінде көзімізбен көрдік. Биылғы біріншілікте сәттілік серік болмай жатқан сыңайлы. Спорт – жеңіс пен жеңілістен тұрады. Сондықтан сәтсіздіктерден сағымыз сынбасын. Қасқырлардың еңсесі әрдайым тік болсын. Қайда жүрсек те «Қайсарды» қолдауға әркез дайынмын, – деді Төреғали.
Клуб ұжымы алыс сапардан арнайы келген Төреғали Төреәліге өнердегі
мансабына сәттілік тілеп, өзінің сүйікті таңбасы көрсетілген жейдені естелікке ұсынды.


«ҚАЙСАР» ФК баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: