Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Трансгендер деп айыпталған боксшы Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері болды

10.08.2024

384 0

Сурет:stan.kz

Трансгендер деп айыпталған алжирлік боксшы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының чемпионы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйелдер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен боксшы алтын медаль иеленді. Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түсті. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.

Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын, өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.

Хелифтің Олимпиадаға қатысуының өзі сан алуан пікір туындатты, өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді. 

Еске салсақ, бұған дейін Иман Хелиф трансгендер деп айыпталған болатын. Алайда спортшының әкесі Иман Хелиф оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеді. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: