Осы айдың 4-9 күндері Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында I Халықаралық TurkicSkills-2025 кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасы 6 алтын, 2 күміс және 1 «Үздік медальонмен» басты жеңімпаз атанды, деп жазады Egemen.kz.
Бұл жеңіс Президент тапсырмасына сәйкес «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясындағы реформалардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын айғақтайды.
Түркия, Әзербайжан, Мажарстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 70-ке жуық колледж студенттері мен жас мамандары инженерия, ақпараттық технологиялар, өндіріс, робототехника және қызмет көрсету салаларын қамтитын 10 құзыреттілік бойынша сайысты.
Сала министрлігінің мәліметінше жарыстың жабылу рәсімінде сөз сөйлеген Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов бұл чемпионаттың түркітілдес мемлекеттердің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында Қазақстанның бастамасымен алғаш рет ауқымды түрде ұйымдастырылғанын тілге тиек етіп, WorldSkills International кеңесінің мүшесі Рэй Инглиш Қазақстанның халықаралық деңгейдегі әлеуетін ерекше атап өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!