Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет (3-0, 2 КО) венесуэлалық Хебер Рондонды жеңгені үшін қанша сыйақы алғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Аралас жекпе-жектен қазақстандық сарапшы Айдар Махметовтің мәліметі бойынша, Құлахмет бұл жекпе-жекте 210 мың доллар тапқан. Құлахмет қарсыласын 72 секундта нокаутқа түсірген еді.
Осы жеңістің арқасында Құлахмет BoxRec рейтингінде бірінші орта салмақта 48 сатыға көтерілді – 187-ден 139-орынға дейін. Ал бұған дейін 20 мәрте жеңген Рондон карьерасында алғашқы жеңілісіне ұшыраған болатын.
Еске салайық, Құлахмет – әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы және сол жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!