Бейсенбі, 08 қаңтар, 21:22

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№1, (2213)
06.01.2026
PDF мұрағаты

Туризм және спорт министрлігі: Балалар спортын қаржыландыру екі есеге жуық артады

07.01.2026

88 0

Фото:  Egemen.kz.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Туризм және спорт министрлігі балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізуді және оларды аккредиттеуге қойылатын талаптарды белгілеуді көздейтін Заң жобасын әзірледі, деп жазады Egemen.kz.

Жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшу балалар мен жасөспірімдер спортының материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін арттырады. Мәселен, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде бір спортшыға жылына орта есеппен 415 мың теңге бөлінеді. Қазіргі сметалық қаржыландыру кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 233 мың теңгені құрайды.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Туризм және спорт министрлігі сметалық қаржыландыру жүйесін қолданып отырған жалғыз мемлекеттік орган. Осыған байланысты саланы басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауысады.

Жобаны іске асыру жергілікті бюджеттерден қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Аталған шығындар Республикалық бюджеттік комиссияның шешімімен қолдау тапты, ал қажетті қаражат жергілікті бюджеттер есебінен бөлінеді.

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды еліміздегі барлық БЖСМ-де 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: