Дүйсенбі, 21 қазан, 03:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83-2093
19.10.2024
PDF мұрағаты

Волейболдан және шағын футболдан облыстық турнир өтті

20.10.2024

43 0

«Құрмет» орденінің иегері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын – футболдан облыстық ашық турнир өтті.

Волейбол облыстық ашық турнирге 9 команда қатысып, Қызылорда қаласының құрамасы жеңімпаз атанса, II және III орындарды Шиелі ауданы мен Қармақшы ауданының спортшылары өзара бөлісті.
Шағын футболдан өткен облыстық турнирге 8 команда қатысып, нәтижесінде Жалағаш ауданының футболшылары турнир жеңімпазы атанса, II және III орынды Қожакент ауылы мен Жаңақорған кентінің Сығанақ командасының футболшылары иеленді.

Барлық жеңімпаз, жүлдегерлер спортшыларға демеушілердің арнайы тағайындалған медаль, кубок және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, «Құрмет» орденінің иегері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған волейболдан және шағын – футболдан облыстық ашық турнир 2005 жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: