Бүгін «Мұз айдыны» спорт кешенінде жасөспірім қыздар арасында волейболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы арнайы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.
-Барша жарыс қатысушыларын бүгінгі жарыстың ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің әр облысынан жиналған мықты спортшыларымыз тартысты ойын өрнегін көрсетіп, төрешілер әділ бағасын қояды деп сенемін. Волейболшы қыздарымызға сәттілік тілей отырып, шын мықтылар жеңіс тұғырынан көрінсін, – деді басқарма басшысы. Айта кетейік, дүбірлі додаға Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Маңғыстау, Жамбыл облыстары мен Астана және Шымкент қаласынан келген 16 команда бес күн бойы өзара бақ сынаспақ.
@Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!