Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бұрымды спортшылары 3-9 қазан аралығында Астана қаласында өткен QFSQL – Қазақстан футзал студент қыздар лигасында жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Аталған жарыс Қазақстан футбол федерациясы мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің жоғары оқу орындарынан келген 100-ге жуық студенттің басын қосты.
Дода барысында Қорқыт ата университетінің командасы жоғары деңгейдегі ойын көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Футзал бәсекесінде әбжіл әрекетімен көзге түскен сырбойылық ойыншы Балханым Баратова жарыс қорытындысы бойынша «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болды.
Бұл жетістік – университет спортшыларының табандылығы мен жеңіске деген жігерінің жемісі. Университет ұжымы Астана төрінде жүлдегер атанған аруларды шын жүректен құттықтайды!
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!