Жұма, 22 қараша, 21:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Жаңа спорт кешені ашылды

23.12.2023

1925 0

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, тұрғындарды жаңа спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.

– «Мемлекет басшысы «Ұлт денсаулығын бекемдеу мәселесі өте өзекті. Барлық жас санаты арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттай беру керек. Балалар үшін спорттық инфрақұрылымның барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек» деген еді. Осыған сәйкес елімізде салауатты өмір салтын қалыптастыруға айрықша назар аударып, бұқаралық спортты дамыту стратегиялық басым бағыттың біріне айналды. Облыста бұқаралық спортпен шұғылданатын тұрғындар үлесі 38 пайызға, яғни 328 597 адамға жетті. Халықты спортпен шұғылдануға ынталандыру үшін алдымен спорт алаңы талапқа сай қолжетімді болуы керек.

Алдағы уақытта облыс орталығында 7 мың орынға арналған орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Сондай-ақ үстел теннисі орталығының құрылысын да бастамақпыз. Ал  аудандарда 2,6 млрд теңгеге 11 дене шынықтыру кешені салынуда. Оның 6-ның құрылыс жұмысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілсе, қалғаны жақын күндері пайдалануға беріледі. Соның бірі – бүгінгі дене шынықтыру-сауықтыру кешені. Осы кешен болашақ чемпиондардың үлкен спортқа жасаған қадамына алғашқы баспалдақ болсын! – деді аймақ басшысы Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ спорт кешенінің ашылуына қазақ күресінен әлем чемпионы, «Сыр барысы» Нұрым Сәлімгереев қатысып, жерлестерін құттықтаса, Тасбөгет кентінің ардақты ақсақалы Төлеш Әлиев бата берді.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: