Сәрсенбі, 20 тамыз, 15:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62, 2175
19.08.2025
PDF мұрағаты

Жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

20.08.2025

49 0

Жалағаш ауданы Аққыр ауылында жаңа спорт кешені халық игілігіне берілді. Жаңа нысанның ашылу салтанатына Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Ерназаров қатысты. Салтанатты рәсімнен кейін спорт кешенінде түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылып, боз кілемде балуандар өзара күш сынасты.

Сонымен қатар, белгілі кәсіпкер меценат Бақытбек Шаймағанбетовті еске алуға арналған қазақ күресінен ашық турнир өтті. Жастар өздерінің жан-жақты дайындығын көрсетіп, шараның мазмұнын байыта түсті.

Сайыс жеңімпаздарына Қазақстан Халық партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Қайрат Шаршыбекұлының демеушілігімен қаржылай сыйлықтар табысталды.

Жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді
Жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: