Бейсенбі, 06 ақпан, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№9,2122
04.02.2025
PDF мұрағаты

Жаңа стадион мамыр айында іске қосылады

06.02.2025

12 0

2024 жыл сыр спортшылары үшін табысты болды. ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 808 медаль, Әлем және Азия чемпионаттары мен кубоктарынан 120 медаль еншілеп, сыр спортшыларының мерейі үстем болды. Жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 690 спортшы енгізілді. Былтыр Парижде өткен жазғы Олимпиада және паралимпиада ойындарына аймағымыздан 7 спортшы жолдама алып, ел намысын қорғады. Осы жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 6 спорт нысаны, облыстық бюджет есебінен – 2 нысан, Қазақстан Халқына қоры арқылы – 2 спорт нысаны салынуда. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаев баяндады.

– 2024 жылдың қорытындысымен өңірдегі халықтың 1000 адамға шаққандағы спорттық инфрақұрылыммен қамтылу көрсеткіші 1 494-ті құрап, 46,2%-ға жетті. Сондай-ақ былтыр аймақ басшысының қатысуымен Қызылорда қаласының сол жағалауынан құны 11 мың орындық жаңа стадионның іргетасы қаланды. Қазіргі таңда стадионның құрылысы қарқынды жүруде. Осы жылдың мамыр айында іске қосылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылы «Samruk- Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорымен бірлесе отырып, заманауи үлгідегі «Үстел теннисі» орталығы ашылды. Мұның барлығын өңір спортына көрсетіліп жатырған қамқорлық деп түсінеміз, – деді Бахтияр Ғарифоллаұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: