Сәрсенбі, 27 қараша, 03:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Жас балуандар бәсекесі

21.03.2023

786 0

Қаладағы Еуразия спорт кешенінде қазақ күресінен халық балуаны Қ.Мұңайтпасовты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Жастар арасында ұйымдастырылған республикалық спорттық шара биыл 11 – мәрте өткізілуде. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін турнирге бұл жолы Алматы, Шымкент, Тараз, Түркістан сынды бірқатар өңірдің балуандары қатысты.

Салтанатты шараға қала әкімі Асылбек Шәменов қатысып, жас балуандарға сәттілік тіледі.

– Бүгін Қызылорда төрінде құрыш білек, қайсар жүрек балуандардың шеберлігін шыңдайтын дүбірлі дода өз жалғасын тауып отыр. Жарыстың былтырғы жеңімпазы Теміржан Руслан Астана қаласында қазақ күресінен өткен әлем чемпионатында топ жарып, әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 350-ден астам балуан қатысқан дүбірлі додада үздік атанды. Сондай-ақ, дәл осы турнирде талабымен танылған Шәріп Серікболсын, Шакизаев Бекзат секілді балуандарымыз жастар арасында ҚР чемпиондарының қатарына енді. Бұл турнирге де болашақ әлем чемпиондары қатысып отыр десем, қателеспеймін. Біз осы додада салт-санамызбен біте қайнасқан «Қазақ күресі» арқылы жастарымыздың бойына ұлттық патриотизм сезімін сіңіреміз деп сенемін, – деді қала әкімі Асылбек Шәменов.

Республикалық турнирге еліміздің әр түкпірінен 11 команда, 300-ге жуық спортшы қатысып, 9 салмақ дәрежесінде бақ сынасты. Жарыстың алғашқы күні 72, 78, 84, 90, 100, +100 салмақ дәрежесіндегілер бақ сынаса, келесі күні 55, 60, 66 кг салмақ дәрежесі бойынша белдесу өтті.

Жарыс қорытындысымен жалпы командалық есепте 4 алтын, 2 күміс, 6 қола медальді еншілеген жамбылдық балуандар жеңімпаз атанды. Ал 1 алтын, 2 күміс, 1 қолаға ие болған Қызылорда командасы ІІ орын алса, Түркістан командасы 1 алтын, 1 күміс, 4 қоламен ІІІ орынға табан тіреді.

Турнир жеңімпаздарына қала әкімінің арнайы дипломдары мен медальдары және қаржылай сыйақылары табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: