Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен пара атлетикадан ҚР Ұлттық Паралимпиада құрамасы Өзбекстан Республикасының Пара атлетикадан ашық чемпионатына қатысты. Қазақстан атынан шыққан спортшылардың арасында жерлесіміз де бар.
Қазақстан Республикасы құрамасының сапындағы Қызылорда облысының параспортшылары Мейіржан Мақшат пен Қолғанат Бақберген жарыста жақсы нәтижеге қол жеткізе алды. Мәселен, желаяқ Мейіржан 400 метр қашықтыққа жүгіруде ІІ орын иегері атанды. Ал халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қолғанат Бақберген найза лақтырудан ІІІ орынды жеңіп алды.
Спортшыларды жарысқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Моищеев дайындады. Одан бөлек бұл жарыс қарашада Португалияда ұйымдастырылатын Дүниежүзілік «IWAS-2022» дайындық ретінде өтті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!