«Жетісу» футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Дөңсебаевтың қамауға алынғанын мәлімдеді.
«Сот шешімімен тергеу органдарының Дөңсебаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу туралы өтініші қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – деп түсіндірді сот.
Ол 1,8 миллиард теңгені ұрлады деген күдікке ілінді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!