Қала әкімдігінің ұйымдастыруымен аймақтағы БАҚ-да қызмет жасайтын қыз-келіншектер арасында боулингтен жарыс өтті.
Жарысқа 20-дан аса журналист қатысты. Тартысты додада І орынды «Qyzylorda» телеарнасының командасы жеңіп алса, ІІ орынды «Қоғам ТВ» командасы, ІІІ орынды тәуелсіз басылымдардан құралған «Сыр сұлулары» командасы иемденді. Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.
Айта кетерлігі, бұл шара нәзік жанды журналистер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!