Жексенбі, 22 желтоқсан, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Журналистер доп тепті

08.11.2021

1867 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қызылорда қаласы əкімінің кубогі үшін БАҚ қызметкерлерінің арасында шағын футболдан турнир өтті. Шараның ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысының хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ержан Байтілес арнайы қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

Бұқаралық спортты дамыту, БАҚ өкіл­дерінің шығармашылық, достық бай­ланысын нығайту мақсатында дәстүрлі сипатқа ие болған жарысқа «Қала әкімдігі», «Сыр медиа», «Меншікті тілшілер», «Қоғам ТВ», «Qyzylorda», «Аудандар құ­рамасы» командалары, барлығы 6 команда бақ сынады.

– Қала әкімінің кубогі сарапқа салынған жарыста қалам ұстаған журналистер доп тебуден де шебер екендіктерін дәлел­деді. Әрбіріңіз жеңіс жолында барлық күш-жігерлеріңізді аямай жарысты қыз­дырдыңыздар, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов.

Тартысты өткен сайыста «Qyzylorda» телеарнасының командасы бірінші орынды жүлдені жеңіп алса, ІІ орын «Қала әкімдігі» ко­мандасына, ІІІ орын «Меншікті тілші­лер» командасына бұйырды. Ал «Үздік қорғаушы» номинациясымен «Сыр медиа» командасының ойыншысы А.Сағын­дық­ов, «Үздік қақпашы» – «Аудан­­дар құрамасынан» А.Жолтерек, «Үздік шабуылшы» – «Қоғам ТВ» команда­сынан Н.Қалабеков, «Үздік ойын­шы» номинациясымен «Qyzylorda» команда­сының ойыншысы Б.Қожамұратов ма­рапатталды.

Турнирдің жеңімпаз және жүлдегер ко­мандаларына қаржылай сыйлықтар, кубок, алғыс хаттар берілді.

Ақмарал ҚАДЫРХАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: