Қазақстандық дзюдошылар Варшавада (Польша) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды. Бұл туралы ҰОК хабарлады, – деп хабарлайды KAZINFORM
Отандастарымыз бұл жарыста бір алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды.
60 келіге дейінгі салмақта қос қазақстандық балуан Сұңғат Нұрлатұлы мен Тоқтар Умуталиев финалда кездесті. Нәтижесінде Тоқтар Умуталиев жарыс жеңімпазы атанды.
Ал Асылхан Зинуллин (60 келіге дейін), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) Айбол Нысанәлі (90 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Осылайша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынға ие болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
