Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Зілтемірші аруымыздың алтыны

23.10.2022

916 0

Бахрейндегі Манамада өткен Азия чемпионатында Қызылорда облысының спортшысы Айзада Мүптілда «Азия чемпионы» атанды. Зілтемір көтеруден сынға түскен аруымыз алдына жан салмай, жарысты жеңіспен аяқтады.

87 келіден жоғары салмақта сынға түскен зілтеміршіміз Айзада Мүптілда қоссайыста 277 келіні, яғни жұлқи көтеруде 120 және серпе көтеруде 157 келіні бағындырды. Осылайша Айзада Алтын медаль мен «Азия чемпионы» атағын жеңіп алды.

− Жоғары деңгейде өткен чемпионатта кіл мықты қарсыластар сынға түстік. Жарыс барысында жарақатымның аздап мазалағаны болмаса, бар күшімді салып, жеңіске жету үшін қолымнан келгеннің барлығын жасадым. Ата-анамның қолдауының, бапкерлерімнің дайындығының нәтижесінде алтын медаль иегері атандым. Сол үшін оларға шексіз алғыс айтамын. Ендігі мақсат – Олимпиадаға жолдама алу, − дейді Аизада Мүптілда.

Қазіргі кезде спортшымыз Әлем чемпионатына дайындықты бастап кеткен. Айзада лицензиялық жарыстарда үздік үштіктің қатарына еніп, олимпиадада өнер көрсету үшін үздіксіз жаттығу үстінде.

Сыр елінің спортшысы мен жаттықтырушыларын жеңіспен біз де шын жүректен құттықтаймыз!

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: