Бейсенбі, 26 желтоқсан, 23:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

«Әуежайларға мың домбырашы апарайық». Депутат Алматыдағы оқиға туралы айтты

05.06.2023

4718 0

Айтыскер депутат Ринат Зайытов Астана мен Алматы әуежайларына әйгілі «Адай» күйін орындайтын мың домбырашы апаруды ұсынды. Жуырда оңтүстік астана әуежайында болған оқиғаға мәжілісмен осылай пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет сағатында депутат Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүгінді.

«Домбыра ішінде бірде-бір металл жоқ. Онда қой ішегі мен ағаштан басқа ештеңе жоқ. Ұлттық аспаптың еш зияны жоқ», – деді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Зайытов әуекомпанияларына сәлем жолдап, ақын, халық жазушысы Қадыр Мырзалиевтің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзін еске салды.

«Қазақтың 4-5 ұлттық аспабы бар. Ұшаққа кіргізуге рұқсат беріңіздерші. Ал бұдан кейін де рұқсат бермесе, Алматы мен Астананың әуежайларына кемінде мың домбырашы апарып, «Адай» күйін ойнап, жалынып сұрайық», – деді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: