Жексенбі, 06 қазан, 03:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Алмас ЫСҚАҚОВ, Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы: Жол картасы – жүйелі жұмыстың жоспары

14.09.2024

1558 0

Қоғамда экология тақырыбы әлі де өзекті. Бұл ретте қыруар еңбек керек. Үйілген қоқыстың ортасында отырып, ахуал тұрақты деу қиын. Әлбетте, бұл тұрғыда өңірде өзекті мәселелер көп. Салада арнайы «Жол картасы» әзірленіп, жолға қойылған жүйелі жұмыс істелуде. Осы бағытта Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Алмас Ысқақовпен сұхбаттасқан едік.

– Алмас Илиясұлы, Қызылорда облысының эколо­гиялық ахуалын шешу мақсатында арнайы «Жол картасы» әзірленгенін білеміз. Қазір қай деңгейде орындалып жатыр?

– Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған Жол картасының орындалуы көңіл қуантарлықтай. Түрлі түйт­кілдерді шешуге атсалысып келеміз. Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес, Экология тақырыбының әрқайсымыздың күнделікті тыныс-тіршілігімізде ерекше орын алатын бұл саланың айрықша маңыздылығын ескере отырып, 2020 жылы экологиялық мәселелерді кешенді шешу және экологиялық жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында Қызылорда облысының әкімдігі және Экология және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп, 2020-2025 жылдарға арналған «Қызылорда облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі Жол картасы» бекітілді. Жол картасында көрсетілген іс-шаралардың іске асырылу мерзімдері «тұрақты» және 2020-2025 жылдар аралығы болып белгіленген. Маңызды іс-шаралар легі белгіленген Жол картасы 7 бөлімнен, 52 тармақтан тұрады. Әр бөлімде өзекті мәселелер қарастырылып, орындалу мерзімдері де белгіленген. Қазіргі таңда 52 іс-шараның бүгінгі күні 16 іс-шарасы орындалды. Ал қалған бағыт өз ерекшеліктеріне сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асуда.

Аталған құжатта тұрақты көздерден атмосфераға ластау­шы заттар эмиссиясын қысқарту, жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындыларын азайту, қалдықтарды басқару, жасыл белдеуді дамыту, көгалдандыру және көркейту, коршаған ортаның жай-күйіне мониторинг және өзге де мәселелер қамтылған.

– Әрине, мұның барлығы құптарлық іс. Дегенмен, арнайы бекітілген заңнама да бар. Жерлестеріміздің кей әрекетіне қарап тұрып, қарның ашатын тұстар бар. Заңбұзушылықтармен қалай күресіп жүрсіздер?

– Экологиялық талаптарды сақтау – адамзат баласының ортақ міндеті. Парызы десек те болады. Табиғат-Ананы аялау, экологиялық ахуалды сақтау күн тәртібінде тұр. Қызылорда облысы бойынша экология департаментімен есепті кезеңде табиғат қорғау іс-шараларының орындалуына, қоршаған ортаға эмиссияларды төмендетуге, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және Қазақстан Республикасының Экологиялық заңнамасын бұзу деректерінің алдын-алуға ерекше ден қойылды. Жыл басынан бері қоршаған ортаны қорғау саласында 23 нысанға бақылау шаралары  ұйымдастырылды. Оның ішінде 12 бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау, 10 жос­пардан тыс және 1 талаптарға сәйкестік тұрғысынан тексеру бар. Нәтижесінде, экологиялық заңнама талаптарын бұзған 47 факт анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде іс қозғалды. Заңдылықты бұзушылыққа жол берген жеке және заңды тұлғаларға 539,7 млн теңге көлемінде 22 айыппұл салынды. Оның 8,6 млн теңгеге жететін 18 әкімшілік айып­пұлы өндірілсе, сот шешімімен екі нысанның қызметі уақытша тоқтатылды.

Сондай-ақ, облыс көлемінде заңсыз карьерлерді анықтау, зерттеп-қарау, мониторинг жұмыстарын жүргізу, олар бойын­ша тиісті шараларды қабылдау үшін құқық қорғау және мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен бірнеше мәрте бірлескен рейд жүргіздік.

Жоғарыда айтып өткендей, қалдықтар мәселесі өзекті болып отыр. Өкінішке орай, тұрғындар арасында белгілен­беген орындарға қоқыстарды бей-ерекет тастап кету, төгу секілді әрекеттерге жол беруде. Бұл бағытта «Қазақстан Ғарыш сапары» АҚ жүзеге асырған ғарыштық мониторинг нәтижесінде Қызылорда облысында 98 рұқсатсыз қалдық орны анықталып, оның 56-сы тазартылып, қалған 42заңсыз қалдықтар орнын тазарту, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру бойынша тиісті шаралар атқарылуда.

Сонымен қатар, департамент «Байқоңыр» кешенінде мем­лекеттік экологиялық бақылау жүргізіп келеді. Бақылау Ресей Федерациясының Үкіметімен «Байқоңыр» кешенінің аумағындағы қоршаған ортаны қорғау мәселелері туралы келісім құжаттары, олардан туындайтын хаттамалар мен ережелер негізінде жүзеге асырылады.

– Кәріз суын кез-келген орынға төгіп, қоршаған ортаны ластау дерегі азаймай отыр. Мұрын жаратын жағымсыз иіс алдымен адамға, содан соң тамылжыған табиғатқа зардабын тигізіп жатыр.

– Сөзіңіздің жаны бар. Қоқыс тастау мәдениеті бізде әлі де болса кенжелеп тұр. Осыдан он жыл бұрынғы мәдениет сол деңгейде тәрізді. Баяғы жартас, сол жартас. Тіпті заң бұзушылықтың жаңа түрі – кәріз суын жеке сектордан алып, орталық кәріз жүйесіне төгіп жүрген ассенизаторлар туралы әлеуметтік желіде әңгіме желдей есіп жүр. Кейде тұрғындардың жаға ұстасқан төбелесі де мәселенің ушыққанын көрсететін сияқты…

Осы бағытта мүдделі және құқық қорғау органдарымен бірлескен Қызылорда қаласы аумағында заңсыз кәріз суларды төгуге жол бермеу бойынша 2024 жылға арналған іс-шара жоспары бекітілді. Аталған іс-шара аясында тұрақты түрде қала аумағында ассенизатор автокөліктері­нің заңсыз кәріз суларын төгу деректерін тоқтату мақсатын­да рейд жүргізіп келеміз. Осындай кәріз суын белгіленбе­ген орындарға төгіп, ластаған 8 тұлғаға полиция органдары­мен айыппұл салынды.

– Заң бұзушылықты азайтып, халықты тәрбиелеуге әкімшілік хаттама қауқарлы деп ойлайсыз ба?

– Әрине, хаттама толтырып, қалтасын жұқартқанмен, оның арғы жағында жауапкершілік деген үлкен ұғым оның бойында болу керек. Айналаны ластап жүретін адамдардың өзінің жан дүниесі көркем деп айта алмас едім. Екі көршінің оқиғасы есіңізде болар. Бір адам үнемі көршісінің ауласына қоқыс тастай береді екен. Көршісі ол қоқысты үнсіз алып, айналаны жинап, таза ұстайды. Бір күні оған көкөніс толы себет апарып беріпті де түк түсінбеген көршісіне: «Әркім өзінде барын береді» деген екен. Иә, жан дүниеңіз қандай болса, әрекетіңіз де сондай болмақ…

– Жоғарыда зерттеліп, тексерілгеннен кейін айыппұл салынған нысандарды айтып өттіңіз. Департаменттің зертханасының деңгейі қаншалықты? Талапқа сай тексеріс жүргізе алатын шамасы бар ма?

– Әрине, құрал-сайман мен керек-жарақ көп маңызға ие. Экологиялық заң талаптарын бақылау жұмыстары сынақ зертханасымен қамтамасыз етілген. Департамент 2024 жыл­дың І жартыжылдығында барлығы 12 субъектіге бару ар­қылы профилактикалық бақылау, 4 жоспардан тыс тексеру және Байқоңыр кешені бойынша 6 нысанға зертханалық-талдамалы бақылау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Департаментпен қосымша 44 объектіге мониторингтік бақылау жүзеге асырылды. Егер өзімізде осындай мүмкіндіктер болмаса, біз мұндай тексерістерді жүргізе де алмас едік.

Осы зертханамыздың арқасында біз «Қызылорда облысы бойынша қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі кешенді  іс-шаралар жоспарына» сәйкес «Таза ауа» іс-шарасы аясында 109 автокөлікке зертханалық бақылау жүргіздік. Осы іс-шараның нәтижесінде ластағыш заттардың белгіленген нор­мативтерден асып кеткен 6 автокөліктің иелеріне полиция департаментімен шаралар көрілді.

Департаменттің зертханалық-талдамалы бақылау жұмыс­тары барысында І және ІІ санаттағы объект операторлары тарапынан тапсырылған өндірістік экологиялық бақылау есептеріне талдау жұмыстары тоқсан сайын жүргізіліп отырады. Сонымен қатар биыл есеп тапсырмаған және уақытынан кеш тапсырған субъектілер бойынша прокуратура органдарымен бірлесе 11 субъектіге ҚР ӘҚБтК-нің 325-бабымен әкімшілік іс қозғалып барлығы 1,4 млн теңге айыппұл салынды.

Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес, I са­наттағы объектілерге қатысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қоршаған ортаға эмиссиялардың авто­маттандырылған мониторингін жүргізу тәртібіне сәй­­кес, эмиссиялар­­дың негізгі стационарлық көздерін­де қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін орнатуға міндетті. Облыста қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнатуға міндетті 3 кәсіпорын бар. Олар «СКЗ-U» ЖШС, «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС және «Orda Glass LTD» ЖШС.Қазіргі таңда, «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС-гі «Ұлттық Деректер Банкі» ақпараттық жүйесіне деректерді негізгі режимде беруде. Ал, «СКЗ-U» ЖШС мен «Orda Glass LTD» ЖШС ақпараттық жүйеге негізгі деректерді беру бойынша «Ұлттық Ақпараттық Технологиялар» АҚ-мен жұмыстар атқаруда.

– Өңірде тазалық іс-шарасы күнделікті жүргізілуде. Тіпті, сенбі сөзін аптаның барлық күніне де телитін болдық. Тақырыптың бір ұшы экологиялық ахуалға келіп тұр. Әрине, сенбілікті экологиялық жағдайды қалыптандырудың бір бағыты десек, жарасады.

– Сөзіңізбен толықтай келісемін. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев былғы халыққа Жолдауында «Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі. Біз қоғамда қоршаған ортаны қорғаудың мән-маңызын кеңінен дәріптеуіміз керек» деген еді. Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Бұл – тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастама екенін де атап өтті.

Биыл қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, қоғамның өкілдерінің, жергілікті тұрғындардың, сондай-ақ экобелсенділер мен волонтерлердің қатысуымен «Таза Қазақстан»және электр энергиясын үнемдеу мақсатында халықаралық «Жер сағаты» республикалық экологиялық акциялары өткізілді. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылатын облыстық іс-шаралар жоспары облыс әкімімен бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ» және «Мөлдір бұлақ» тақырыптарында апталық шаралар ұйымдастырылуда.

Облыс бойынша ұйымдастырылған сенбілік­тер мен акцияларға барлығы 400 мыңнан аса адам қатысып, іс-шараларға 500-ден аса техника жұмылдырылды, 16 мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылды. Бүгінгі күнге 129 358 дана ағаш көшеті егілді.

Апта сайынғы негізде Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерімен бірлесіп мемлекеттік мекемелер ұжымдары, еріктілер мен волон­терлардың қатысуымен сенбілік жұмыстары атқарылуда.

– Рахмет.

Сұхбаттасқан

Дәулет ҚЫРДАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: