Жексенбі, 22 желтоқсан, 16:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Қоршаған ортаны қорғауға бей-жай қарауға болмайды»

06.06.2023

7022 0

5 маусым – дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні. Жалпы табиғатты сақтау бір күннің ісі емес. Қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау жайы бүгінгі сұхбатқа арқау болды. Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің зертханалық талдамалы бақылау бөлімі басшысы Венера Мустаяпова зертхана жұмысының көтерер жүгі туралы айтты.

– Өзіңіз жетекшілік ететін зертханалық-тал­дамалы бақылау бөлімінің жұмысы, міндеті туралы қысқаша айтып өтсеңіз…

– Департаменттің зертханалық талдамалы бө­лімінің сынақ зертханасы 2019 жылы ҚР аккредиттеу жүйесінде «Сынақ және ка­либрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойы­латын жалпы талаптар» ГОСТ   ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкес қайта аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу сала­сына байланысты су көздері бойынша – 61, топырақ ластануы бойынша – 30, атмосфералық ауа бойынша – 28, өнеркәсіптік шығарындылар – 12, радиациялық қауіпсіздік бойынша, автокөліктен шығатын газдардың шығарындыларына – 3 компоненттерге талдау жұ­мыстары жүргізіледі. Қор­шаған ортаның құрамдас бөліктерінің – судың, атмосфералық ауаның және топырақтың лас­тануының алдын алу­ды көздейтін таби­ғат пайдалану­шылардың қор­шаған орта сапа­сының стан­дартта­рын сақ­тауына зертха­налық-талдамалық бақылауды ұйымдастырады. Қоршаған ортаның ластануының жоғары және аса жоғары деңгейі туралы мониторинг деректерін алған кезде және төтенше және төтенше экологиялық жағдайлар туындағанда ластаушы заттардың ластану фактілері мен көздерін анықтайды. Ластану көзі және қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін жерлерден сынамаларды іріктеу және талдау жұмыстарын жүргізеді.

Инспекторларымен бірлесіп, кәсіпорындардың, бақы­лауға жататын ластаушы заттардың тізімдерін жасайды, облыстың (қаланың) кәсіпорындарында зертханалық талдау және бақылау жүргізеді.

– Тәуелсіздік алғалы бері топырақ, су, ауа құрамы қаншалықты өзгерді? Дабыл қағарлық қандай мәселе бар?

– Жалпы қоршаған ортаның сапасына «Қаз­гидромет» мекемесі тарапынан үнемі мониторинг жүргізеді. Атап айтқанда, облыстың бірнеше аума­ғында атмосфералық ауа сапасын бақылауға арналған бекеттер орнатылған.

Сонымен қатар Қазгидромет мекемесінің  мамандары топырақтан және судан сынамалар алып, оның сапасына бақылау жүргізіліп отырады. Қандай да бір сәйкессіздіктер анықталған жағдайда нәтижесі экология департаментіне жолданады. Өз кезегінде экология департаменті тарапынан қоршаған орта сапасының бұзылу себептері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.

Осы ретте Қазгидромет тарапынан мониторинг нәтижесімен қоршаған орта сапасының бұзылуы туралы ақпарат соңғы 3 жыл көлемінде келіп түспеген. Сондықтан облысымыздағы топырақ, су, ауаның құрамына байланысты бүгінгі күнге дабыл қағарлық мәселе жоқ деп есептейміз.

– Экологияның сақталуына мониторинг жасау барысында қандай кемшіліктер анықталды?

– Жоғарыда атап өткендей мониторинг жұмыстары Қазгидромет мекемесі жүргізеді. Ал экология департаментіне табиғат пайдаланушылар тарапынан жүргізілетін өндірістік бақылау жұмыстарының нәтижесі келіп түседі. Өндірістік бақылау жұмыстарын І және ІІ санаттағы нысан операторлары тарапынан жүргізіледі. Осы ӨЭБ-ді жүргізудің бекітілген қағидалары бар. Ол Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шiлдедегі № 250 бұйрығымен бекітілген.

Осы ретте нысан операторлары тарапынан ӨЭБ жүргізу барысында осы қағида талаптары бұзылу деректері орын алады. Атап айтсақ, 2022 жылдың қорытындысымен 20 оператор ӨЭБ жүргізу талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Сондықтан осы сұхбатты пайда­ланып ӨЭБ жүргізетін нысан опера­торларының назарына, бе­кітілген ережелер мен заң нор­маларын қатаң сақтау керек екенін на­зарға салғым келеді. Сондай-ақ департаменттің «Facebook» әлеу­меттік желісіндегі парақша­сында осы мәселелерге қатысты үнемі түсін­дірме жұ­мыстары жүр­гі­зілу­де.

–  Соңғы кезде тұрғындар қала­да тау болып үйілген қоқыстың өрте­ліп, түтіні қала­­ны басып қа­латынын әлеу­меттік желілерде жиі көте­ріп жүр. Бұл мәселеге назар аудардыңыздар ма?

– Әрине, аталған мәселе Экология департаментінің күн тәртібінен түскен емес. Мұндай келеңсіз жағдай орын алған бойда департаменттің зертханалық-тал­дамалы бақылау бөлімінің мамандары ауа атмос­ферасынан дереу сынамалар алады. Ауа құра­мындағы ластағыш заттардың концентрациясы бел­гіленген нормативтен асқан жағдайда тиісті Экология департаменті тарапынан кінәлі тұлға жауапкершілікке тартылады. Бұндай келеңсіз жағдай биыл қала полигонында орын алып, Экология департаменті тарапынан қатты тұрмыс­тық қалдықтар айналымына  жауапты кәсіпорынға экологиялық талаптарды сақтамағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды.

– Ескі көліктердің қалада жүруіне қан­шалықты тыйым салынған, оларға қандай шара көріледі? Жалпы ескі көліктерді бақылайтын қандай норма бар? Қандай стандартқа сүйенесіздер?

– Облыс орталығындағы халық көп шоғыр­ланатын аумақтарда автокөлік шығарындыла­рының нормативтерге сәйкестігін бақылау, қоршаған ортаға эмиссияларды азайту мақса­тында, ішкі істер департаментінің жер­гілікті полиция қызметкерлерімен бірге «Таза ауа» ак­циясы тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Акция барысында қала ішіндегі  авто­көліктерге өлшеу жұмыстары жүргізіледі, нәтижесінде автокөліктен ауаға бөлінетін шығарынды заттардың белгіленген норма­тивтен асқан жағдайда, көлік жүргізушілеріне жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан тиісті шаралар қолданылады. Аталған акция 2020 жылдан бастап тоқсан сайын жүргізіліп келеді. Автокөліктерден ауаға бөлінетін ластағыш заттардың нормалары белгіленген. Осы белгіленген нормадан асу деректері өлшеу жұмыстары барысында негізінен ескі көліктерде жиі тіркеледі. Яғни ол автокөліктің техникалық жарамдылығына байланысты. ҚР 1433-2017 ұлттық стан­дарты бар. Осы стандарт талаптарына сәйкес бензин, газ және дизельмен жүретін автокөліктердің санатына байланысты нормалары белгіленген. Яғни бензинмен жүретін автокөліктердің көміртек то­тығының нормасы 0,2-3,5% аралығында көлемдік үлесі көрсетілген. Дизель қозғалтқыштарымен жабдықталған көлік құралдары үшін түтіннің нормалары 1,5-3 коэффициент аралығында.

– Маман ретінде сізді не толған­дырады?

– Мемлекетімізде соңғы уақытта қоршаған ортаның жағдайына ерекше мән берілуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе» деп атап көрсеткен еді. Ендігі кезекте қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мақсатында қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру керек деп есептеймін.

– Сұхбатыңызға рақмет.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: